Қабылдау бөлмесі:
7 716 51 22 5 40

«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмешіт ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі 1

«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

"Еңбек етсең —емерсің"

Тақырыбы: "Еңбек етсең —емерсің"

2025 жылғы 22 қыркүйек күні 6-сыныпта Еңбек күніне арналған "Еңбек етсең —емерсің" атты сынып сағаты өткізілді.

Сабақтың негізгі мақсаты – оқушыларға еңбектің құндылығын түсіндіру, адал еңбек етуге баулу, өз еңбегін бағалай білуге үйрету болды.

Сынып сағаты барысында оқушылар өз еңбектері туралы ой бөлісіп, үйде, мектепте, қоғамда істейтін пайдалы жұмыстарын әңгімеледі. Әр оқушы еңбек етудің пайдасы, адамның дамуына тигізетін әсері жайында өз пікірін білдірді. Сонымен қатар, «Еңбек – бәрін жеңбек» деген мақалдың мән-мағынасы талқыланып, өмірлік тәжірибелермен байланыстырылды.

Іс-шара оқушылардың қызығушылығын арттырып, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, табандылыққа тәрбиелеуге ықпал етті.

Сынып сағаты ойдағыдай өтті. Оқушылар еңбектің қоғамдағы және әр адамның өміріндегі маңызы зор екенін ұғынып, адал еңбек ету – адамды жетістікке жеткізетін басты қасиет екеніне көз жеткізді.

Сынып жетекшісі: Балгожина Б.А.