Қабылдау бөлмесі:
7 716 51 22 5 40

«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмешіт ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі 1

«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

«Мен буллингке қарсымын!»

Тақырыбы: «Мен буллингке қарсымын!»

2025 жылдың 16 қыркүйегінде 5–11-сыныптар арасында «Мен буллингке қарсымын! » атты іс-шара өтті. Үзіліс уақытында ұйымдастырылған бұл шарада оқушылар күнделікті өмірде кездесуі мүмкін жағдаяттарды талқылап, оларды дұрыс шешу жолдарын ұсынды.

Шара барысында балалар өз ойларын ортаға салып, бір-біріне қамқор болу мен достықтың қадір-қасиеттерін атап өтті. Сонымен қатар, мектеп ұжымы мен оқушылар барлығы бірге бірлікке, сыйластыққа және мейірімге шақырды.

Бұл іс-шараның мақсаты — оқушылар арасында буллингтің алдын алу, бір-біріне деген сенім мен қолдауды арттыру және достық қарым-қатынасты нығайту .