Қабылдау бөлмесі:
7 716 51 22 5 40

«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмешіт ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі 1

«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

«Тіл – татулық тірегі»

Мектебімізде Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне арналған онкүндіктің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараның басты мақсаты: оқушыларды туған тілін құрметтеуге, дәріптеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Салтанатты жиын барысында мектеп директоры А.О.Бакиева құттықтау сөзін сөйлеп, мемлекеттік тілдің маңыздылығын атап өтті. Бұл мереке – ел бірлігін, ынтымағын және көпұлтты Қазақстанның басты құндылықтарының бірі – тіл байлығын дәріптейтін тағылымды шара болды .

Гуманитарлық пәндер бірлестігінің жетекшісі А.К.Аппасова онкүндік аясында өткізілетін шаралардың жоспарымен таныстырды. Оқушыларды түрлі танымдық сайыстар, шығармашылық және әдеби-мәдени кештер күтіп тұр.

Жауапты: Гуманитарлық пәндер бірлестігінің жетекшісі А.К.Аппасова